Алматылықтарды "Екі езу" сатира театры жаңа концерттік бағдарламаларына шақырады

None
None
АЛМАТЫ. 28 қыракүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ақтөбе облысының "Екі езу" сатира театры алматылықтарды және қала қонақтарын 1 қазанда "Алматы" концерт залында өтетін жаңа концертіне шақырады.

1998 жылы жеке театр ретінде шаңырақ көтерген бұл өнер ордасы облыстық бюджеттен қаржыландырылып келе жатыр.

"Біз бұған дейін жыл сайын Алматыға келіп есеп беру концертін өткізетін едік. Бұл үрдіс қаржы тапшылығына байланысты 2010 жылы үзіліп қалған болатын. Биыл ол қайтадан өз жалғасын таппақ. "Екі езу" жап-жаңа концертімен" деген тақырыппен өтетін бұл шара Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналады", - дейді театрдың бас әкімшісі Мира Әбуова. Ақтөбе облысының "Екі езу" сатира театры шілде айында Атырау мен Маңғыстау облыстарына гастрольдік сапармен барып қайтқан болатын. Мира Нұрғалиқызының айтуынша, өнер ұжымы 2010 жылдан бері Сағызбай Карабалиннің жетекшілігімен спектакльдер де қоя бастаған.

Соңғы жаңалықтар