Алматылықтар жұмысқа жаппай велосипедпен бармақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар 12 ақпанда халықаралық «Қыстыгүні жұмысқа - велосипедпен» акциясына қатыспақшы. Қазірдің өзінде 100 алматылық өтініш білдірді.

«Велосипед қыстың аязы мен суығына қарамастан экологиялық таза, денсаулыққа пайдалы көлік екені рас. Тіркелгендердің ішінде 2 астаналық та бар», - деді «Вело-Алматы» тобының мүшесі Тимур Жұрқашев.
Қазір Алматы қалалардың ішінде тіркелген адам саны бойынша 11-орында тұр. Тіркелу үшін қатысушылар winterbiketoworkday.org сайтында жазылуы керек.

Салауатты өмір салтын қолдаушылар Инстаграмда #наработунавелосипеде #алматынавелосипеде #зимойвелосипеде #veloalmaty хэштегтерін пайдаланып суреттерін қояды.
«Вело-Алматы» белсенділері 5 үздік жарияланымға сыйлық берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар