Алматылықтар жер сілкінісін сезді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 қаңтар күні сағат 23:17-де Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Ешқандай зақым болған немесе қираған жағдай байқалған жоқ, ахуал тұрақты. «112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ.

«Қазселденқорғау» ММ мәліметтері бойынша гидротехникалық құрылыстарда, көшкін және сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталған жоқ», - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінде.

«Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан 261 шақырым жерде, оңтүстік шығысқа қарай Алматы Қырғыз Республикасы аумағында және Қытай шекарасында орналасқан.

Энергетикалық санаты - 13.4 MPV, магнитудасы – 6.2. Тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Алматыда 2 -3 балл қуатымен сезілген.


Соңғы жаңалықтар