Алматылықтар жер сілкінісі туралы: Жерді алып күш тепкендей болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар әлеуметтік желіде жер сілкінісін қалай сезінгендігі туралы жазып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тиісті мамандар жерасты дүмпулерінің күші 2-3 балл болды десе, тұрғындар бұған сенімсіздікпен қарап отыр.

Олардың көпшілігі жер сілкінісі әдеттегідей шайқалмай, керісінше вертикалды қозғалғандай әсер қалдырғанын айтуда.

cab_tan никтегі  қолданушы жерді бір алып күш балғамен ұрғандай әсер қалдырды десе, nastya_s.k.i.s.n.s  «жер тебінді» деген пікір қалдырды. 

«Терезелер тарсылдап, қатты гуіл естілді. Вертикалды соққы тигендей болды», - деді Фейсбук желісінде Алена Сергеевна

«Бір қабат төмен құлдырап кеткендей сезімде қалдым», - деді Фейсбук қолданушысы Lena Lina

Еске сала кетейік, ҚР БҒМ ҒК Сеймологиялық тәжірибе-эәдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі 15:20:44 уақытта жерасты дүмпулерін тіркеген болатын.  

Соңғы жаңалықтар