Алматылықтар жер дүмпуін сезді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жер сілкінісі ошағы Алматы қаласына жақын болды, деп хабарлайы ҚазАқпарат.

ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 7 қыркүйекте 6 сағат 30 минут 15 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 11 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.7. Магнитудасы - 4.6 MPV. Тереңдігі - 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Алматыда сезілуі 2-3 балл болды.

Қалалық ПД Жедел басқару орталығының мәліметінше, патрульдік полиция жасақтары бүлінген, қираған учаскелерді байқамады.

«Қазселденқорғау» мекемесінің мәліметінше, гидротехникалық құрылыстарда, сел қаупі бар аумақтарда қирау, бөгеттерде жарық байқалмаған.





Соңғы жаңалықтар