+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Алматылықтар желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды

2018 жылғы 17 желтоқсан 12:52
Бөлісіңіз:
Алматылықтар желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін «Тәуелсіздік таңы» монументіне мемлекет қайраткерлері, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, желтоқсан оқиғасына қатысушылар және жастар ұйымдарының мүшелері гүл шоқтарын қойды.

Содан кейін салтанатты рәсімге жиналғандар бір минут үнсіздікпен қаза болғандарды еске алды.


null Биыл Алматыдағы көтеріліс болған тарихи алаңда бой көтерген «Тәуелсіздік таңы» монументі алдына шағын алаң жасалған еді.

Қала әкімі ескерткішке келіп, тағзым еткендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларға жағдай жасауды тапсырған болатын. Егер бұрын көлік қозғалысы бөлігі ескерткішке тиіп тұрса, енді барынша қолайлы және қауіпсіз шағын алаң пайда болды. Кеспетас төселіп, жарық көздері орнатылды, жасыл желек отырғызылды.
null

Кеше, Қазақстан тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай қаладағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылған болатын. Қала басшылығы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, ардагерлер кеңесі, саяси партиялар мен қоғамдық және жастар ұйымдары, қала тұрғындары әскери-үрлемелі оркестрдің музыкалық сүйемелдеуімен Республика алаңындағы тәуелсіздіктің басты символына гүл шоқтарын қойды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Тәуелсіздік күні,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT