+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Алматылықтар жарықты өшіргені үшін жолды жауып тастады

2021 жылғы 18 тамыз 20:38
Бөлісіңіз:
Алматылықтар жарықты өшіргені үшін жолды жауып тастады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Премьера» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жолды жауып тастады. Оған электр қуатының жоқтығы себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда қар жауды: Таңертең 57 жол-көлік оқиғасы тіркелді Алматы әуежайында ұшақ көлікпен соғысты: Әуе кемесі қай компанияға тиесілі Алматыда коронавирус жұқтырған 130 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Наразы тұрғындардың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

«Қаладағы ең үлкен «Премьера» тұрғын үй кешенін жарықтан ажыратып тастады. Осыған орай, тұрғындар көшеге шығып, жолды жауып тастады. Олар бәрін төлейміз дейді, ал қарыз 96 млн теңге. Кімдікі дұрыс?», - деп жазды бейнежазба авторы.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның хабарлауынша, компания мен «Құрмет Достар» пәтер иелері коперативі арасында «Премьера» тұрғын үй кешенін электрмен жабдықтау туралы келісімге қол қойылған.

18 тамыздағы жағдай бойынша «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС алдындағы тұтынылған электр энергиясы бойынша берешек 97 853 357,14 теңге.

«Электр желілеріне қосылған әрбір үй белгілі бір мөлшерде электр қуатын алады. Түбіртекте тұрғын үйді ұстау құны мен кіреберістердегі жарықтандыру ғана кірмейді. Бұл сонымен қатар жылыту қондырғыларына, лифт, домофон, бейнебақылау, циркуляция сорғылары, үйлердің жоғарғы қабаттарына су айдайтын сорғылар, ішкі шығын арқылы электр энергиясын жоғалтуға жұмсалатын шығындарды қамтиды. Яғни жайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз етеді. Әрбір көпқабатты үйде электр жабдықтарының жеке жиынтығы бар және энергия шығындарын талап етеді, олар тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалатын шығындар ретінде төленуі тиіс», - деп хабарлады « АлматыЭнергоСбыт «ЖШС.

Сәйкесінше, энергия тұтынуды қажет ететін белгілі бір инфрақұрылымы бар тұрғын үй кешенінде тұру үшін пәтерлерге орнатылған есептегіштер үшін ғана төлеу жеткіліксіз, деп қосты компаниядағылар.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның қызметкерлері аталған тұрғын үй кешенінің хабарландыру тақталарына 18 тамыздан бастап электр қуатынан ажырату туралы ескерту қағаздарын ілді. Сонымен қатар, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на «Премьер» тұрығын үй кешеніне жарық беруді тоқтату туралы өтінш түсірді.

«Десекте, электр энергиясы сол күні қайта қосылды»,- деп атап өтті компаниядағылар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT