Алматылықтар жәндіктер мен кеміргіштерді жою үшін қайда шағымдана алады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғындарының соңғы уақытта кеміргіштер мен жәндіктердің көбеюіне байланысты шағымы жиіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті соңғы уақытта кеміргіштер (егеуқұйрық, тышқан) мен жәндіктердің (тарақан, қандала, маса) көбеюіне байланысты қала тұрғындарынан жиі шағымдар түсуіне байланысты «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес, қазіргі уақытта профилактикалық дератизацияны ұйымдастыру және жүргізу бойынша барлық іс-шараларды Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы жүзеге асыратынын хабарлады.

«Қала аумағында және жеке меншік үй иеліктерінде профилактикалық дератизация жылына екі рет, яғни көктемгі және күзгі кезеңдерде жүргізілуі тиіс. Кеміргіштермен байланысты барлық мәселелер бойынша аталған басқармаға немесе тұрғылықты жері бойынша аудандық әкімдікке жүгіну қажет.

Пәтерлерде пайда болған жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 107-бабының 1-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар өздері тұратын жерлерде дезинсекциялық және дератизациялық жұмыстарды жүргізуге міндетті. Ол үшін зиянкестермен күрес жұмыстарын жүргізетін қаланың мамандандырылған дезинфекциялық ұйымдарына жүгіну қажет», - деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, қалалық СЭБД көп қабатты үйлердің тұрғындарына хабарлама жасады.

«Тоқсанына 1 рет жоспарлы түрде өткізілетін кеміргіштерді жою жөніндегі жұмыстарды тұрғын үйлердің подъездерінде, жертөлелерінде, шатырларында, қоқыс жәшіктерінде және олардың айналасында, сондай-ақ дезинфекциялау ұйымдарын жалдау жолымен кәріз құдықтарында пәтер иелері кооперативтері (ПИК) жүргізуі тиіс. Бұл жұмыстарға жұмсалатын шығындар «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережесі» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1421 қаулысына сәйкес коммуналдық қызметтерді төлеуге енгізілді.

Осы орайда, көп қабатты үйлердің тұрғындары ПИК басқармасынан осы жұмыстың уақытылы және тиімді орындалуын талап етуге толық құқылы. ПИК төрағасы өз міндеттерін орындамаған жағдайда, тұрғындардың жалпы жиналысында төрағаны қайта сайлауға немесе мәселені сот тәртібімен шешуге толыққанды құқықтары бар», - деп мәлім етті СЭБД-дан.


Ашы қ к ө здерден алын ғ ан фото



Соңғы жаңалықтар