Алматылықтар үшін заңгерлік кеңес тегін болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қалалық қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша тұрғындарға ақысыз заңгерлік көмек ұйымдастыру жобасы қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақысыз кеңесті Қазақстанның жетекші заңгерлері беретін болады. Олар тұрғындарға пәтер иелері кооперативі, тұрғын үй қатынасы, меншік құқығын қорғау, ипотека, әлеуметтік қамсыздандыру, мүлік саудасы, отбасылық қатынастар бойынша кәсіби заңнамалық көмек беретін болады.

«Заңгерлер азаматтарға өз құқықтары туралы ақпарат беріп қана қоймай, отбасы мен жеке бас еркіндігін қорғау бойынша да кеңес береді. Құжат дайындау бойынша да әдістемелік көмек ұсынылады» - дейді «Альтернатива» медиация және бітімгершілік орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Анна Данилина.

Сондай-ақ, заңгерлерден құралған топ тұрғындардың өтініші бойынша тиісті мекенжайларға шығып, көмек көрсетпек. Аталмыш қызмет туралы толық мәліметті әлеуметтік желілерде #zan_kenesy хештегі арқылы табуға болады.

Соңғы жаңалықтар