Алматылықтар ТЖД қызметкерлеріне тікелей сұрақ қоя алады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындары мен барлық мүдделі тұлғаларды диалогқа шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы орайда бүгін dchs-almaty.kz ресурсында 15.00-ден 17.00-ге дейін онлайн конференция өтеді.

Бұл төтенше жағдайларға ықпал ету қызметінің жеделдігі, қол жетімділігі және ашықтығы принциптерін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылмақ.

Осы уақыт аралығында кез-келген азамат, кәсіпкер ТЖД өкілдеріне өзін алаңдатқан сауалын қоя алады.

Конференцияда ТЖД қызметінің жалпы бағыттарын соның ішінде, Алматы қаласының ТЖД сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шаралар туралы айтылатын болады.

«Сұрақтарыңыз бен өтініштеріңізді Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің сайтына жібере аласыздар. Конференция «сұрақ-жауап» режімінде қашықтықтан өткізіледі. Қойылған сұрақтарыңызға жауап алуды жеделдету үшін сұрақтың мәнін анық және қысқаша беруіңізді сұраймыз», - деді баспасөз қызметінен.

Барлық сұрақтар мен өтініштерге жауаптар бір күннің ішінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің сайтында орналастырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар