+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматылықтар Сұлтан Сартаевты соңғы сапарға шығарып салды

2019 жылғы 15 желтоқсан 13:24
Бөлісіңіз:
Алматылықтар Сұлтан Сартаевты соңғы сапарға шығарып салды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жұртшылық белгілі академик, қоғам қайраткері Сұлтан Сартаевты ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаралы жиынға марқұмның жақындары, шәкірттері, зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

«Сұлтан Сартаевтың Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуына қосқан үлесі шексіз. Ол құқық қорғау, заң жүйесінде өлшеусіз еңбек етіп, өте дарынды, білікті мамандар дайындады»,- деді қала әкімі қаралы жиында.

Еске салсақ, танымал ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Сұлтан Сартаевтың дүниеден өтуіне байланысты Елбасы мен ҚР Президенті оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхаттарын жолдаған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT