Алматылықтар «Спорт күнін» тойлауда (ФОТОРЕПОРТАЖ)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін алматылықтар Спорт күнін тойлауда. Республика сарайының алдында 2 мыңға жуық адам таңғы жаттығу жасады.

Жаттығудан кейін №9 балалар мен жасөспірімдер мектебінің үздік оқушылары спорттық қойылымдар қойды.

«Спорт мейрамы ашық аспан астындағы 8 сайыс алаңын біріктірді. Келушілер ұлттық спорт түрлерінен, стритбол, армрестлинг, кір көтеру, теннис, арқан тарту, Сумо күресінен бақ сынауда», - деді қалалық Спорт және дене шынықтыру басқармасы спорттық жоғары жетістіктер бөлімінің басшысы Асхат Бағаев.

Оның айтуынша, спорт мейрамы жексенбі күні Шымбұлақ және Медеу кешенінде жалғаспақ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда спорт күні ҚР Президентінің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығына сәйкес тамыздың үшінші жексенбісінде тойланады.

Соңғы жаңалықтар