Алматылықтар шет тілін тегін үйренетін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар шет тілін тегін үйренетін болды. Оқу сабақтары саябақта ашық аспан астында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тілдер Саябағы - Парк Языков - Language Park» тілдер курсында кез-келген адам ағылшын, қазақ тілдерін үйренетін болады. Сабақтар 21 күнге созылады аптасына үш рет өтеді.
null

Білім аламын деушілерге Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік шет тілдері және халықаралық қатынастар университетінің 5 түлегі тәлім бермек.

«Бірінші сабақта шәкірттердің білім деңгейіне қарай топқа бөліп, «Elementary», «Beginner» топтарымен жұмыс жасаймыз. Курс біткен соң барлық қатысушыларға арнайы сертификат беріледі», - деді Әйгерім Шәкім.''
null

Бір айта кетерлігі, сабақтар ашық аспан астында жасыл желек үстінде өтеді. Келемін деушілерге есік ашық. Кейбір азаматтар өзінің отбасын түгел алып келген.

«Мен неміс тілінің маманымын. Бірақ мемлекетте үш тілді дамыту саясаты жүріп жатқасын, тым болмаса бастауыш ағылшын білімім болсын деген оймен келдім. Өзіммен бірге 5 баламды алып келдім», - деді Гүлмира Дайрабаева.
null

Соңғы жаңалықтар