Алматылықтар Ресейдің Бас консулдығының алдына гүл шоқтарын қойып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар Санкт-Петербург қаласында болған терактіге байланысты қаза тапқандар мен жапа шеккендердердің қайғысына ортақтасып, Ресей Федерациясының Бас консулдығының алдына гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматылық Анна Качалова Ресей халқына өз атынан көңіл айтып, қарапайым қазақстандық ретінде қайғыларымен ортақтасты. Ол Санкт-Петербург қаласында жақын достары мен туыстары тұратынын айтты.

«Оқиғаны ести сала мен жақындарыма телефон соғып, амандықтарын білдім», - деді Анна Качалова.

Еске сала кетейік, Санкт-Петербург қаласының метросында 3 сәуір күні жарылыс болды. Соңғы мәлімет бойынша, 14 адам қаза тауып, 50 адам жарақаттанды.

Айта кетейік, Санкт-Петербург қаласындағы жарылыстан кейін Алматы метросында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

ҚР ҰҚК мәліметі бойынша, Ресей қаласында болған жарылысты Орталық Азиядан шыққан адам жасаған болуы мүмкін.

null null null null  

Соңғы жаңалықтар