Алматылықтар онконауқас балаларды емдеуге 1 млн. теңге жинап берді (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл сайынғы «Өмір сүргім келеді» қайырымдылық аукционы өтті. Сатып алушылар қатерлі ісікке шалдыққан балалар үшін 1 млн. 300 мың теңгеден астам қаржы жинап берді.

Онлайн-режімде өткен бәссаудаға 22 жұмыс қойылды. Олардың барлығы балалардың қатысуымен салынды.

Оның ішінде 10 жастағы Михаил Нижниковтың картинасы 150 мың теңгеге сатылды. Бүлдіршін бұған дейін жұтқыншақ қатерлі ісігімен ауырған. Қажетті ота жасалған соң Михаил қатерлі дертті жеңіп, қатарға қосылды. Енді ол басқа науқас балаларға қолынан келгенше көмек көрсететінін жеткізді.

Картиналардың сатылымынан түскен қаржы Аружан Саин басқаратын «Милосердие» қайырымдылық ұйымына табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар