Алматылықтар ONAY қызмет көрсету орталығының жұмысына шағымданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ONAY қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезек пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылықтар ONAY қызмет көрсету орталығының жұмысына шағымданды. «Оңай» бірыңғай көлік картасын сатып алуға ұзын-сонар кезек пайда болды. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Көлік каратасын алуға келгендер өте көп. Кезек баяу қозғалады. Адамдар 3-4 сағат тұруға мәжбүр. Кешкі сағат 18.00-де есіктер жабылады. Қаланың шет жағынан келетіндер бар. Олар бірнеше күн бойы карта жасай алмай жүр» деп шағымданды тұрғын.

Компаниядағылар мән-жайды түсіндіруге тырысты.

«Жаңа оқу жылы басталысымен ONAY қызмет көрсету орталығына жүгінетін адамдардың саны көбейді. Ұзын-сонар кезек осыған байланысты туындап отыр. Қызмет көрсету орталықтары жаз бойы штаттық режимде жұмыс істеді. Оқушы мен студентерге арналған каратаға тапсырысты оқу орындары мен мектептер жаздан бастап берді. Сонымен бірге, жолаушылардың басым бөлігі ONAY каратасына тапсырысты осы қыркүйек айында беріп жатыр.

ONAY қызмет көрсету орталығының қызметкерлері физикалық тұрғыда үлгермей жатыр. Күніне жүзден астам өтініш түседі. Десекте, қызмет көрсету мәселесін шешу үшін барлық шараларды қолданамыз»,-деп хабарлады ONAY қызмет көрсету орталығынан .


Соңғы жаңалықтар