Алматылықтар Наурызды сән-салтанатпен тойлап жатыр - фоторепортаж

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматылықтар Ұлыстың ұлы күнін бар сән-салтанатымен қарсы алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік шара таңертең ұлттық нақыштағы шерумен басталып, оған 500-ге жуық адам қатысты. Алматының орталық көшелері – Абай және Абылай хан даңғылдарымен Төле би көшесіне дейін эпос, аңыз бен ертегілердің кейіпкерлері жүріп өтті.

Наурыз мейрамы қаланың барлық аудандарында бір мезгілде тойланып жатыр. Наурыз көже мен бауырсақ тегін таратылуда.
Жаяу жүргіншілер көшелерінде киіз үйлер тігіліп, қолөнер жәрмеңкесі, мейрамханалар аллеясы, суретшілер көрмесі мен балалар аймақтары ұйымдастырылды.
«Астана» алаңында отандық жұлдыздардың қатысуымен Наурыз-Думан гала-концерті өтуде. Сонымен қатар алматылықтар мен қала қонақтарына театрландырылған қойлым ұсынылды.
Бұдан бөлек, қалада спорттық ойындар өтіп жатыр. Кез келген адам арқан тарту, кір тасы мен қошқар көтеру ойындарына қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып ала алады.
Мегаполисте Наурыз мейрамы сән- салтанатымен тойланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар