Алматылықтар науқас жандарға қолдау ретінде велошеруге шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 600 адам ішек-құрылысы ауруларына қарсы күрес күніне орай велошеруге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спортшылар әл-Фараби даңғылынан ҚР Тұңғыш Президенті саябағына дейін 9 шақырымды бағындырды.

Финиште қатысушыларға бағалы сыйлықтар таратылды.
null

«Қаламызда осындай спорт түрлерінен жарыс болып тұратыны көңіл қуантады. Бұл көпшілікті салауатты өмір салтына ұмтылдыратын шара», - деді белсенді қатысушы Анастасия Ефременко.

Велошеру Қазақстандағы ішек құрылысы қабыну ауруларына қарсы күрес қоғамының қолдауымен өтті. 

Айта кету керек, бұл велошеру «Спорттық Алматы» акциясы аясындағы 21-ші спорттық шара.

null



nullnull
null

Соңғы жаңалықтар