Алматылықтар науқас балаларға арнап 1500 литр қан жинап берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Өзгелерге өмір сыйла» ұранымен өткен донорлық акция аяқталды. Шараны «Бауыржан» қайырымдылық қоры ұйымдастырған болатын.

Жиналған қан қоры лейкозбен ауыратын сәбилерге құйылатын болды.

Биылғы қайырымдылық шарасында түрлі мамандық иелері атсалысты. Олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері де бер.

Өзінің қасықтай қанымен бөліскендердің арасында әнші Абдулкәрім Кәрімов, радижүргізуші Диана Снегина, әртіс Мұрат Мұтырғанов, шоумен Нұртас Адамбаев, продюссер Ерлан Әлімов бар. Акцияға қатысушылар қалалық қан тапсыру орталығына 1500 литр қан жинап берді.

Кейін отандық жұлдыздардың қатысуымен гала-концерт өтті.

«Донорлар жылда ондаған баланың өмірін алып қалуға көмектеседі. Бірақ, олар өз әрекеттері үшін ешқашан ақы сұрап, қайырымдылық жасағанын жарнамалаған емес. Бірақ, қоғам өз құтқарушыларын білуі керек. Сондықтан, «Бауыржан» қоры қазақстандық донорлардың құрметіне кеш ұйымдастырды», - деді акцияның ұйымдастырушысы Эльмира Жомартова.

Соңғы жаңалықтар