Алматылықтар медициналық сақтандыру қорына 77 млрд теңге аударған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 26 тамызына дейінгі аралықта Медициналық сақтандыру қорына 398,8 млрд теңге түсті. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес ұйымының Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 26-тамызына дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 77,4 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 65,6 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 11,8 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндерге тиесілі», - деді филиал директоры Тлеухан Әбілдаев

Сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлеушілер саны артып келеді. Алматы қаласы бойынша 2019 жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 192 мыңнан астам адам 294,7 млн теңге көлемінде БЖТ төлеген.


Соңғы жаңалықтар