Алматылықтар Мәжіліс депутаттарын сайлауға жауапкершілікпен қатысуда - эстониялық байқаушы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар Мәжіліс депутаттарын сайлауға жауапкершілікпен қатысуда.. Бұл туралы Эстониядан келген депутат, халықаралық байқаушы Денис Бородич айтты.

Оның айтуынша, Парламент Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау Қазақстанда ашық әрі әділ өтіп жатыр.

«Бүгінде дауыс беру процесі ҚР Конституциясы мен ҚР сайлау туралы заңнамасына сәйкес өтіп жатыр. Техникалық тұрғыдан ешқандай мәселе жоқ. Жүйе жақсы жолға қойылған. Қазақстанның тәжірибесі өте көп. Байқаушылардың мәлімдегеніндей, ешқандай ескерту жоқ», - деді Д.Бородич.

Айта кету керек, Алматы қаласынан 114 үміткер тіркелген. Барлығы 532 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. 578 сайлау комиссиясының 4046 мүшесі сайлауды ойдағыдай ұйымдастыруға жауапкершілікті көтеруде.

Соңғы жаңалықтар