Алматылықтар майданнан келген хатты оқуда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар көңілден өше бастаған естеліктерді жаңғыртып, майданнан келген хатты оқуда.
Мұндай акция қаланың 7 ауданында өтіп жатыр.
Көпшіліктің назарына ҰОС кезіндегі тарихи құжаттар мен майданнан келген хаттар ұсынылған.
«Кез келген адам өзіне ұнаған құжатты дауыстап оқи алады. Оқу бейнетаспаға түсіріледі. Осылайша жиналған материал жөнінде арнайы деректі фильм түсірілмек. Кейін ол таспа жанды мұрағатқа айналады», - деді ұйымдастырушылар.
Сондай-ақ, алматылықтар ҰОС қаһармандарының бейнелерін қағазға түсіруде.
Мейрам қарсаңында 28 панфиловшылар саябағы мн қаланың 7 ауданында «Алғыс тақтасы» атты 6 конструкция орнатылған. Қала қонақтары мен тұрғындары тақтаға Жеңіс туын желбіреткен майдангерлерге деген алғысын жазуда.
Бүгін кешкі сегізде «Астана» алаңында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен салтанатты концерт өтеді деп күтілуде. Мерекелік күн түнгі сағат 22:00-де салтанатты отшашумен аяқталмақ.
- Алматыдан 376 шақырым қашықтықта жер сілкінді
- Алматы соты әлеуметтік желіде тараған "мас судьяның" видеосына қатысты тексеруді бастады
- Футбол: Алматының «Қайратына» неміс шабуылшысы келді
- Вакцинация індетке қарсы күресте қалай көмектеседі
-
Қазақстан оқушылары халықаралық Жәутіков олимпиадасынан 90 медаль жеңіп алды
-
Алматы тауларында бір жылда 80-нен астам адам құтқарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам