Алматылықтар қызыл кітапқа енген емен ағаштарының кесілуіне қарсы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғындары үйдің ауласындағы құрылысқа қарсы. Белсенділер Қызыл кітапқа енген емен мен басқа ағаштарды көпқабатты тұрғын үй кешенін салу үшін кесіп тастаулары мүмкін деген болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«№1 шағынауданындағы №77 үйдің жанындағы автотұрақтың орнына көпқабатты тұрғын үй кешенін салмақшы. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін Қызыл кітапқа енген емен мен басқа ағаштарды отап тастаулары мүмкін. Қазірдің өзінде мердігер компания Саин көшесі бойындағы ағаш бұталары мен көгалды жойып жіберді», - деп жазады алматылықтар Facebook-те.
Қалалық жасыл экономика басқармасының баспасөз қызметі тұрғындардың шағымына жауап берді.
«Біздің мамандар аталған мекенжайға барды. Емендерді кесу фактісі расталмады. Санитарлық кесу де жүргізілмеген. Сонымен қатар, Алматы қалалық жасыл экономика басқармасына ағаштардың кесілуі туралы шағым түскен жоқ», - деп жауап берді басқармадағылар.
- Коронавирус пневмониясына тағы 51 адам шалдықты
- Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады
- Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты жабылған жолдар ашылды
- Балқашта ауа сапасы нашарлайды
-
Батыс Қазақстанда тұрғын үйден екі зейнеткердің мәйіті табылды
-
Ұлытау ауданында боранда адасқан әке мен бала аман табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам