Алматылықтар «Қызғалдақ сыйла» челленджін жалғастырып, гүл таратты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Бүгін көшеде қыдырып жүрген халыққа қызғалдақ пен бауырсақ таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігі мен «Nur Otan» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының «Қызғалдақ сыйла!» республикалық челленджін қабыл алып, одан әрі жалғастырды.

Акция нәтижесінде Наурызды тойлауға жиналған қауымға тәттіден шашу шашылып, бір тал жауқазыннан таратылды.

«Біз осы акция арқылы тұрғындардың көңіл күйін көтермек болдық. Наурыз тек қазақтың ғана мейрамы емес, бүкіл түркі дүниесінің мейрамы. Береке мен молшылықтың символы іспеттес, шашу шашылды. Бұл қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі. Шашудан ауыз тиген адамның үйінде той болады деген сенім болған. Қазақтың әр шаңырағында қандай аздаған қуаныш болсын, шашу шашылатын болған. Сонымен қатар, алматылықтарға бауырсақ таратылды», - деді қалалық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Алиев.

null null null null null null null null

Айта кету керек, кеше астаналықтар «Қызғалдақ сыйла!» челленджін бастаған еді. Сондай-ақ, бүгін таңертең Алматыда Ұлыстың ұлы күні келгенінің белгісі ретінде салтанатты шеру болды. Алматы көшелерімен қазақ эпостарының батырлары, ертегі кейіпкерлері жүріп өтті.

Соңғы жаңалықтар