Алматылықтар қытайлық Sinopharm вакцинасын қашан салдыра алады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қытайлық Sinopharm вакцинасы қала тұрғындары үшін қашан қолжетімді болатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында Қазақстанға Sinopharm фармацевтикалық кешені өндіретін Vero Cell вакцинасы жеткізілді. Қазіргі уақытта Vero Cell вакцинасы «СҚ-Фармация» қоймасында. Вакцина Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасына әлі түскен жоқ. Вакцина емханаларға түскен бойда, халыққа ақпарат беріледі. Тамыздың ортасында препаратпен вакциналау басталады деп күтіледі», - деп хабарлады басқармадан.

Еске салайық, 10 тамыз күні Алматыға қытайлық Vero Сell вакцинасының бірінші партиясы жеткізілген болатын.



Соңғы жаңалықтар