Алматылықтар құрақ көрпе тігуден рекорд орнатты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар қала күнінде құрақ көрпе тігуден рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Тұңғыш Президенті саябағында ең ұзын құрақ көрпе тігіліп, Гиннестің әлемдік рекордтар кітабына енді.
Ұлттық көрпе саябақта 10 900 метр ұзындықты бойлай төселген.
Еске сала кетсек, ауқымды көрпені тігу көктемде Наурыз мерекесінде басталған еді. Бұл еңбекке қалалықтар ғана емес, аудан тұғындары да атсалысқан болатын.
Сондай-ақ қала әкімі Бауыржан Байбек алматылықтарға өз лебізін білдірді. Ол жер асты өткелі жұмыстары қалалықтардың жоғары бағасын алғанын айтты. Әр үшінші аула абаттандырылып, 500 көше қайта жөнделгенін, саябақтар мен скверлер жаңарып, жасыл аймақ кеңейтілгенін, жарықтандырылған 130 тарихи ғимараттың қала түнін нұрландыра түскенін атап өтті.
«Құрметті алматылықтар, әлі де аяқталмаған шаруалар бар. Бірге бар күшіміз бен ынтамызды салып Алматыны әрқайсысымыздың арманымыздағы қалаға айналдыра аламыз. Шын жүрегіммен қаламыздың көркеюуіне тілеулестігімді білдіремін»,-деді Бауыржан Байбек.
Қала күні аясында ҚР Тұңғыш Президенті саябақында, Панфилов, Жібек жолы көшелерінде, Almaty Arena алаңында, Абай мен ескі «Астана» алаңында, Көктөбе мен Орталық мәдени және демалыс саябағында «Apple Fest» алма фестивалі өтіп жатыр.
Салтанатты шарада ел тарихындағы алғашқы елші әйел Ақмарал Арыстанбековаға, халық әртісі Ескендір Хасанғалиевке, ғалым-әдебиеттанушы Серік Қирабавқа «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Қала күнін тойлау Almaty Arena-дағы «B-DAY Party » концертімен жалғасып, сағат 21.00 «Астана» алаңында отшашумен аяқталады.
- «АЙКА»: Ұлт трагедиясы
- Мүгедек қызын қорлаған ана 6 жылға бас бостандығынан айырылды
- Актриса өліміне айыпты Gelandewagen жүргізушісі соңғы сөзін айтты
- 11 мыңнан астам полиция қызметкері жетіспейді - Ерлан Тұрғымбаев
-
Прокурор Gelandewagen жүргізушісін 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
-
31 мың отбасы үйдегі пешке тексеру жүргізуден бас тартқан - ІІМ ТЖК
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам