Алматылықтар көшеге Батырхан Шүкеновтың атын беруге дауыс бере алады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Электронды үкімет порталы сайтында 164 көшенің атауын өзгерту туралы жоба жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың арасында бір көшенің атауын Батырхан Шүкеновтың атына ауыстыруы мүмкін.

13-шілдеде жарық көрген жоба 27 шілдеге дейін қоғам талқылауында болмақ.

Атап айтқанда, Бостандық ауданындағы Алатау шағын ауданында Наурыз көшесіне Батырхан Шүкеновтың атын беруі мүмкін.

Бұл көше тау жақтан басталып, Үлкен Алматы өзенінің жағалауына дейін созылып жатыр.

Сонымен қатар, Алатау ауданындағы Алғабас шағын ауданында Ақсай көшесіне Фариза Оңғарсынованың атын беру жоспарланған.

Сондай-ақ, Алматыдағы бірқатар маңызды нысанның авторы, архитектор Владимир Кацевтің атын беру жоспарланған.

Атауы өзгеретін көшелердің көпшілігінің атауы қайталанатынын айта кету керек.

Қаулы туралы ақпарат мұның алдында жарияланды.

Соңғы жаңалықтар