Алматылықтар көпсайыстан «Динамо» біріншілігінің жеңімпазы атанды

None
None
АЛМАТЫ. 22 маусым. ҚазАқпарат -19-22 маусым күндері Алматыда «Динамо» спорт қоғамының Спартакиада бағдарламасы аясында құқық қорғаушылар арасында Президенттік көпсайыстан жеке командалық біріншілік өтті.

Тапаншадан оқ ату, суда жүзу, ұзақтыққа секіру, граната лақтыру мен түрлі қашықтыққа жүгіруден өткен бұл сайыста Алматы қалалық ІІД-нің командасы бірінші орынды жеңіп алды. 2-3 орынды ҚР Республикалық ұланы мен ҚР ІІМ Академиясы өзара бөлісті.
«Бұл біріншілік күш құрылымдарының кәсіби біліктілігіне баға береді. Онда кез келген қатысушы өзінің күші мен әлеуетінің қаншалықты деңгейде екендігін білуі керек. Егер ол жылдам жүгіріп, нысананы дәл ата білсе, ол - оның сенімділігін арттыра түседі. Бұл оның басты жеңісі», - деді ҚР ІІМ Ішкі әскері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Әлібек Сералиев.
Онда жекелей сында, 45 жастан жоғары дәрежеде сынға түскен Марат Самиев (Алматы қ. ІІД) бірінші орынды жеңіп алды. Оның командалас серігі Интин Дәулет екінші, Республикалық ұлан өкілі Марат Жақсылықов үшінші орынды иеленді. Ал 45 жасқа дейінгілер арасында Анатолий Передерий (Алматы қ. ІІД), Жандарбек Елшібаев (ҚР ІІМ Академиясы), Петр Хомяков (Алматы қ., ІІД) үздіктер қатарынан көрінді. Ал 40 жасқа дейінгі санатта Асан Пазыл (Респ. Гв.), Асқар Ондаспаев (Алматы қ., ІІД), Сәкен Егеубаев (ҚР ІІМ оқу орталығы), 35 жасқа дейінгілер арасында Темірлан Айтпаев (Алматы қ., ІІД), Нұрғали Бижанов (Респ. Гв.), Нұрқат Сарыбаев (Алматы қ., ІІД), 30 жасқа дейінгі санатта Динасыл Демесін (Алматы қ., ІІД), Қалымбет Данғылбеков (Респ. Гв.), Мұстафа Тиянақов (ҚР ІІМ Академиясы) үздіктер қатарынан көрінді.

Соңғы жаңалықтар