Алматылықтар көпқабатты үй қабырғасындағы ойынхана жарнамасына наразылық білдірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылықтар көпқабатты үйдің қабырғасына ілінген ойынхана жарнамасына наразылық білдірді. Қалалық әкімдік бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылық Алёна Плужникова Facebook әлеуметтік желісіндегі «Дежурный по городу» тобында ойынхана жарнамасына қатысты жазба жариялады.

«Былтыр Мақатаев көшесіндегі тұрғын үйге ілінген жарнама баннері алып тасталды. Бірақ биыл қайтадан орнына іліп қойыпты. Мұндай жарнаманы тұрғын үйлер қасбетіне ілуге бол ма, бұл заңды ма?», - деп жазды ол.

Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Медеу ауданы әкімі аппаратына тіркелмеген баннерді жою туралы хат жолдағандарын атап өтті.

«Абаттандыру ережелеріне сәйкес барлық нысаннан (ғимараттар мен құрылыстар қасбеті, дүкендер және т.б.) рұқсатсыз орналастырылған ақпараттық хабарламаларды, жазулар мен бейнелерді жою, сондай-ақ заңнаманы бұза отырып орнатылған ақпараттық баннерлерді жою жұмыстары Алматы аудандары әкімі аппаратына, нысанның меншік иелеріне немесе жалға алушы тұлғаға жүктеледі», - деп хабарлады басқармадан.


Соңғы жаңалықтар