Алматылықтар көліктерін тұраққа тегін қойып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда суықтан паркоматтар қатып қалды. Істен шыққан аппараттардың тұсында алматылықтар көліктерін тұраққа тегін қойып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалада бірнеше паркомат аппараты қатты суық салдарынан істен шыққан. Атап айтқанда, жүргізушілер Нұрлы Тау кешені, Столичный сауда үйі, ЦУМ жанындағы, Достық пен Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы, Әйтеке би, Наурызбай батыр көшелеріндегі аппараттарға төлем сала алмай қойған.

Жүргізушілердің наразылығы Инстаграмдағы kris_p_almaty паблигінде жарияланды.

«Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС хабарлауынша, техникалық ақаудың себебінен төлем жасай алмаған жүргізушілер қудаланбайды.

«Үскірік аяздың кесірінен аппараттағы картридж қатып қалған. Сол себепті паркомат экраны өшіп қалған. Бұған  жүргізушілердің  кінәсі жоқ, сондықтан олар қудаланбайды», - деді ЖШС-тің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар