Алматылықтар көк байрақты балконына іліп, рәміздер күнін тойлауда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылықтар ҚР Рәміздер күніне орай жаппай патриоттық акцияға үн қосуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалада көпқабатты үйлердің балкон, терезелеріне Мемлекеттік ту іліне бастады.

Осылайша, жаңбырлы күнге қарамастан Алматы тұрғындары акцияға үн қосып, бір-біріне деген жүрекжарды тілектерін жеткізіп жатыр.

Олардың айтуынша, мұндай шара патриоттық сезімді оятып, елге, жерге деген құрметті арттырады.

Айта кетейік, 1992 жылғы 4 маусымда еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері – Қазақстан Республикасының туы мен елтаңбасын бекітті.


Соңғы жаңалықтар