Алматылықтар киіз үй тігуді үйренді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар киіз үй құруды үйренді. Қолөнершілер мен ұсталар көрмесі Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар театрының алдында өтті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

null
Мәдени шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Алматы қаласы әкімдігінің, «Алматы қолөнершілер палатасы» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

null
Жиналғандар халық музыкасын,  өнерін дамыту, насихаттау мақсатында қойылған этно стильдегі концертті тамашалады.

null
Қала тұрғындары мен шетелдік қонақтар үшін қазақ халқының тұрмысы мен тіршілігінің символы іспетті киіз үй қойылды.

null
Көрме көрермендері үшін киіз тоқу өнері бойынша шеберлік класы өтті.

null
Жәрмеңкеге келген әрбір қонақ киіз үймен жіті танысып, естелік ретінде суретке түсіп, «Yurtart» қазақ киіз үйлерін және ұлттық көркемөнер кәсіби заттарын жасау технологиясымен танысты.

null
"Бұл жәрмеңке жылына 10 рет ұйымдастырылады. Наурыздағы жәрмеңкенің ерекшелігі - ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау технологиясы таныстырылды. Бүгін бізге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Ресейден, Қырғыз елінен 80-нен аса қолөнерші шеберлер келді. Көрме рухани мұрамызды, мәдениетімізді, дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды сақтап қалу, Қазақстанда қолөнерді дамыту  және жастардың арасында дәріптеу, ұлттық кәсіпті жандандыру және дамыту, қолөнершілерді қолдау мақсатында өткізіліп жатыр. Осы іс-шараны өткізу барысында қолөнершілер мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс орнайды",  - деді ұйымдастырушылардың бірі Дәмелі Жанашева.

null
Жәрмеңкеде мерекелік дастарханға арналған керамикадан және ағаштан жасалған ыдыстар, күмістен жасалған әшекейлер, қолдан жасалған сөмкелер мен ойыншықтар, Қазақстандық агат пен табиғи тастардан жасалған әшекейлер, көркем пенжектер мен халаттар, киізден иленген киімдер, қолдан жасалған кілемдер қойылды.
null 

Қолөнер мерекесі ертең де жалғасын таппақ.

Соңғы жаңалықтар