Алматылықтар Қазақстан құрамасын Азиадаға шығарып салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан құрамасын Индонезияда өтетін XVIII жазғы Азия ойындарына шығарып салу рәсімі болды, деп хабарлайды SPORTINFORM ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан ұлттық командасы 440 спортшыдан құралған. Қазақстан Мемлекеттік туын ресми көтеру салтанаты Джакартада 16 тамызда өтеді. 

Палембанга атлеттер ауылына алғаш жеткен команда академиялық ескекшілер болды.

Бүгін, 12 тамызда Индонезияға гандбол, су полосы, баскетбол әйелдер құрамалары және грек-рим күресінің шеберлері ат басын тірейді.

Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстан туын боксшы Әбілхан Аманқұл көтеріп шығады. 

Соңғы жаңалықтар