Алматылықтар қала тарихын сақтауға атсалыса алады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың бірегей ғимараттарын сәулет ескерткіштері қатарына енгізу үшін алматылықтардың ұсыныс-пікірлерін жинауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша тарихи көркі сақталуы тиіс ерекше ғимараттар мен нысандардың тізімі жасалады. Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы сәулет ескерткіштері тізіміне енуі тиіс ғимараттар бойынша түскен ұсыныстарды жинау жобасын іске қосты.

Алматылықтар сақтаулы тиіс ғимарат туралы ақпаратты, аты-жөні мен тегін, байланыс телефонын, нысанның мекенжайы мен суретін almaty.uaig.kz сайтындағы «Бірегей ғимараттар каталогы» айдарына жіберуі тиіс. Халық ұсынған нысандарды сарапшылар бір айда екі рет қоғамдық комиссияда талқылайды және «Алматының бірегей ғимараттарының каталогына» енгізеді. Қоғамдық тыңдау болатын күн кейінірек жарияланады.

Қазіргі кезде 757 құнды тарихи ғимарат анықталды. Алматының тарихи-мәдени мұрасымен айналысатын кәсіби сәулетшілер мен энтузиастардың кәсіби тобы қаланың сәулет ұқсастығын зерттейтін (Archcode Almaty) жобасын ұсынуда. Оған кеңес дәуірі кезінде салынған Қазақстанның бұрынғы астанасының барынша бірегей ғимараттары да енсе, каталогтың мәні арта түсер еді.

Бұрындары Алматы қаласы ғимараттарының қай жылы салынғанын көрсететін арнайы карта болды, оның құрамына 250 мыңға жуық нысан енген. Карта қала құрылысының Верный кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі 7 кезеңін қамтиды:

1) 1927 жылға дейін, қаланың астана атануы

2) Астаналық авангард: 1927-1935 жылдар

3) Классикалық және ұлттық мұраны игеру: 1936-1941 жылдар

4) Соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі классицизм: 1942-1957 жылдар

5) Ерте модернизм: 1958-1969 жылдар

6) «Жоғары» модернизм: 1970-1995 жылдар

7) Заманауи: 1995 жылдан бүгінгі күнге дейін.

Соңғы жаңалықтар