Алматылықтар ғарышкер Айдын Айымбетовты қарсы алуға автоэкспедицияға шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Аққан жұлдызды тап» экстрим-экспедициясы жолға шықты. 2 көліктен тұратын экспедиция 12 қыркүйекте ғарыштан жерге түсетін Айдын Айымбетов пен Андреас Могенсонды қарсы алмақ.

Бастама авторлары «Союз-ТМА» ғарыш кемесінің Қарағанды жерінде жерге қону сәтін, экипаж мүшелерін суретке түсіруді көздеп отыр. Экспедиция мүшелері Қазақстанның 1500 шақырым жолды Тойота Фортунер көлігімен жүріп өтпек. Үш күн ішінде 8 қатысушы Балқаш, Жезқазған, Қарағанды қалаларын аралап шықпақ.

Автоэкспедиция вКонтакте және Facebook парақшаларында жарияланбақ. Ресми хэштегі: #AidynARBtrip «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин алаңынан 2 қыркүйекте сәтті ұшырылды Халықаралық ғарыш стансасына аттанған негізгі экипаж құрамында ресейлік ғарышкер Сергей Волков (командир), Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсен мен Қазғарыш ғарышкері Айдын Айымбетов бар. Ғарыш кемесі стансамен 4 қыркүйек күні халықаралық ғарыш стансасымен сәтті түйісті. ХҒС-да оларды ресейліктер Геннадий Падалка, Михаил Корниенко мен Олег Кононенко, америкалық астронавтар Скотт Келли мен Челл Линдгрен, сондай-ақ жапон астронавты Кимия Юи қарсы алды. Кеме командирі Сергей Волков орбитада 188 тәулігін өткізсе, отандасымыз бен даниялық ғарышкер 2 күннен соң жерге оралады. Айта кетсек, орбитада отандасымыз қазақстандық ғылым үшін бірқатар сынақ жүргізеді, соның ішінде радиацияның миға әсерін зерттейді.

Соңғы жаңалықтар