Алматылықтар электр қуатының қай аумақта және неліктен өшкенін онлайнда біле алады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғындары апатты жағдайда электр энергиясы өшкен аумақты онлайн режимде көре алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді үйде, жұмыста, қоғамдық және басқа жерде электр энергиясы өшкен кезде, интернетке шығатын кез келген құрылғысы (смартфон, компьютер, планшет) бар адам қаланың электр желісіндегі мәселе туралы қажетті ақпаратты біле алады. Бұл туралы «Алатау жарык компаниясы» АҚ-да мәлімдеді.

«Энергиямен қамту қызметі бойынша жедел деректер өзіне электр энергиясы апатты жағдайда тоқтатылған аумақты, оның өшкен және қалпына келтіру уақытын, байланыс орталығының телефон нөмірлерін қамтиды. Онда кезекші операторлар Алматы қаласында электр энергиясын өшірудің қандай да бір жағдайы туралы толық ақпарат береді», - деді компаниядан.
Электр энергиясын берудегі уақытша шектеулердің интерактивті картасы компания сайтының «апаттық өшіру» бөлімінде орналасқан.
Компанияда мәлім еткендей, жоба ҚР Президентінің цифрландыру және жаңа технологияларды енгізу туралы Жолдауы, сондай-ақ, Алматы тұрғындарын электр энергиясын өшіру туралы хабарлануын арттыру бағдарламасы шеңберінде әзірленді.

Соңғы жаңалықтар