Алматылықтар екі мәрте жер сілкінісін сезінді

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы» ММ стансалар желісі Алматы қаласында 3 минутта қайталанған 2-3 балдық екі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдың 26 шілдесінде 23 сағат 29 минутта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 109 км қашықтықта (Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шолақ ауылының маңы) орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы - 11.4. Тербелісі - 5.4. MPV. Тереңдігі 15 км», - делінген хабарламада. 

Алматыда жер дүмпуі 2 балл деңгейінде сезілді.

Жер сілкінісі арада 3 минуттан соң сағат 23:32-те қайталанды. Жер дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 111 шақырымда тіркелді.
Зілзаланың энергетикалық класы - 12.1. Тербелісі - 5.7. Тереңдігі 30 км. Жер дүмпуі Алматы қаласында 2-3 балл болды.

Соңғы жаңалықтар