Алматылықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салуға жиналды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салуға жиналып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі шараға жиналғандар саны өте көп. Олар таңғы сағат 7-00-ден бастап Балуан Шолақ атындағы стадионға қарай ағылуда. Жүздеген адам Қазақстанның мақтанышы Денис Теннің рухын ұлықтауға гүл шоқтарын ала келген.

Олимпиада жүлдегері Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рəсімі бүгін сағат 10.00-де басталады. Оның денесі Дружба ауылындағы зиратқа жерленбек.

Айта кетсек, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді.

Оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған.

Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның қылмысының үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған.

Ол оң жақ санының жоғарғы тұсына жарақат алған 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын.

2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады.

Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды.

Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Бүгін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады.

Артынан Денис Теннің өлімі бойынша күдікті екінші адам Арман Құдайбергенов те ұсталды.

nullnullnull
nullnullnull
nullnull
null

Соңғы жаңалықтар