Алматылықтар Coursera платформасында ақпан айына дейін тегін оқи алады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Сoursera платформасында тегін оқу ақпан айына дейін ұзартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салайық, Алматының Цифрландыру басқармасы мен Жұмыспен қамту орталығы Coursera компаниясымен әлемнің жетекші университеттерінен тегін түрде 5000 адамға курстан өтуге мүмкіндік беру туралы келісімге қол қойған болатын.

«Бұған дейін өтінім беру мерзімі қазан айының соңына дейін болса, сабақтарды тегін пайдалану мүмкіндігі 31 желтоқсанға дейін берілген еді. Ал қазір тегін оқу мүмкіндігі 2021 жылдың ақпанына дейін ұзартылды. Бұл мүмкіндік биылғы қазан айының соңына дейін тіркелген адамдар үшін қолжетімді. Бұл бағдарлама өте жақсы нәтиже көрсетіп отыр, осыған байланысты оны ұзарту туралы шешім қабылдадық. Бұл үздік университеттер мен ірі әлемдік компаниялардың дипломдарын, сертификаттарын алудың тамаша мүмкіндігі», - деп атап өтті Б.Қоңырбаев.

Оның айтуынша, алматылықтар орта есеппен 2 курстан өтеді, бұл жас мамандардың кәсіби дамуға және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға деген құлшыныстары мен сұраныстарының барын білдіреді.


Соңғы жаңалықтар