+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматылықтар BRT жүрдек автобустарын тестілей бастады

2017 жылғы 21 қараша 19:43
Бөлісіңіз:
Алматылықтар BRT жүрдек автобустарын тестілей бастады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда BRT жүрдек автобустар жолының алғашқы желісі пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай жаңашылдық Орбита шағын ауданының тұрғындарында екіұдай пікір туғызып жатыр. Қоғамдық көлікпен қатынайтын азаматтар қуаныш білдіріп жатса, автожүргізушілер наразы болып отыр.

Олардың айтуынша, Əл-фарабиден Жандосов көшесіне дейінгі Мұстафин, Рысқұлбеков, Сүлейменов көшелерімен жүру мүлде ыңғайсыз. Жеке көліктерге тек 1 жолақтан ғана жол қалды.

Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, BRT жолағы әзірге тестілік режімде пайдаланылатын болады.
null

1 желтоқсаннан бастап жүйе толығымен жұмыс жасайды.

«Қазіргі таңда Әл-фарабиден Жандосов көшесіне дейінгі Мұстафин, Рысқұлбеков, Сүлейменов көшелерінде жалпы ұзындығы 2,7 км болатын жолақ жасалып жатыр. Жолақ жолдың ортасында, яғни ең шеткі сол жақта орналасады. Бірақ Сүлейменов көшесінің Пятницкийден Жандосов көшесіне дейінгі аралығы автобустар оң жақ жолақпен, көліктер - шеткі сол жолақпен жүретін болады», - деді басқарманың жол инфрақұрылымы бөлімінің басшысы Ернұр Абжахан.

Оның айтуынша, жүрдек автобус желісін енгізу бірінші кезекте жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жасалады.

"Бұл біздің еліміздегі бірегей жоба. BRT жүйесінде аялдамалар жолдың сол жағында орналасады. Жолаушыларға арналған арнайы жолақтар салынады. Бүгінде инфрақұрылымды жетілдіру, жол белгілерін сызу, бағдаршам орнату жұмыстары жасалып жатыр. Реконструкция жұмыстары аяқталған соң нəтиже анық болады. Бірінші желі 1 желтоқсанда пайдалануға толық беріледі",- деді ол.
null

Оның айтуынша келесі жылы BRT жолы Жандосов-Тимирязев, Тимирязев- Желтоқсан көшелерінде жалғасады. Тимирязев көшесінде арнайы жолақ көшенің ортасында болады. Аталған учаске аяқталған соң 2018 жылдың аяғына таман BRT жалпы ұзақтығы 8,7 км болмақ»,- деді Ернұр Абжахан.
null

Аталған жолақпен тек қоғамдық көлік қана жүреді. Арнайы жүрдек автобустар 2018 соңында жолға шығады.

BRT жолының келесі желісінің құрылысы 2019 жылы басталады.
null

Жол Желтоқсан Тимирязев көшесінен Төле би арқылы Шығыс айналма жолға шығып Құлжа тас жолымен Шығыс автовокзалына дейін созылады. Жолдың ұзындығы 22,4 шақырым болмақ.

Қазір екінші кезек бойынша жобалық сметалық құжаттама жасалып жатыр.

nullnullnullnullnullnullnullnullnull

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT