+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Алматылықтар  Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған спектакльді тамашалады

2019 жылғы 5 қараша 11:47
Бөлісіңіз:
Алматылықтар  Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған спектакльді тамашалады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған спектакль қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түлкібаста жергілікті ақын мен жазушының кітаптары жарық көрді Елордада «Әбіш әлемі» атты шығармашылық байқау өтеді Сарыағашта «Ханбибі оқулары» атты байқау өтті

Қойылым Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында көрсетілді. Спектакльді тамашалауға ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, жазушының ұрпақтары, ұстаздар мен жастар келді.

Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртістері көрермендерге жазушының балалық шағын, жас кезін және өмірінің соңғы жылдарын көрсете алды. Бас кейіпкердің рөлін Нұрлан Байшин сомдады.

«Спектакльде оның өмірбаяны көп баяндалады. Әртістер жазушы өмірінің соңғы жылдарын көремендерге шынайы көрсетіп, шебер жеткізе білді. Ол кезде оның шығармаларын Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин және басқа да көрнекті тұлғалар жоғары бағалаған», - дейді Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып.

Пьесаның режиссері Әлия Баймахан бұл қойылым қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің шығармашылық мұрасы ұлттық бірегейлікті сақтауға, өскелең ұрпақтың бойында рухани-ағартушылық құндылықтардың дамуына ықпал ететіндігін атап өтті.


« Біз көптеген зерттеулер жүргіздік, кітапханалар мен мұрағаттардан ақпарат іздедік, әртүрлі адамдармен сөйлестік. Біз оның өмірін тек жазушы ретінде ғана емес, сонымен бірге күйеу, әке ретінде де көрсеткіміз келді. Жастар өз тарихын ұмытпауы керек және тау тұлғалар туралы білуі тиіс. Бұл өте маңызды. Жазушының өмірі қиын және түрлі оқиғаларға толы болды, ол көптеген жағдайларды бастан өткерді. Бейімбет Майлин өз халқының, өз елінің нағыз патриоты болған деп санаймын», - деді режиссер.


Қойылым соңында, Бейімбет Майлиннің немересі Дәмен Сейтжанова актерлер мен көрермендерге алғысын білдірді.

Бұған дейін, спектакль премьерасы Қостанай облысында жазушының туған жерінде қойылған болатын. Алдағы уақытта еліміздің басқа аймақтарында көрсетіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Мәдениет, Әдебиет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT