Алматылықтар Бақытжан Сағынтаевтан тарихи гүлзарды қалпына келтіруді сұрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы Экологиялық қоғамы өкілдері қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа Орталық саябақтағы гүлзарды қалпына келтіруге өтініш білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың айтуынша, қазір сол жерде орналасқан ескерткіш көпшіліктің көңілінен шықпайды.

«Былтыр көктемде саябақты 80 жыл бойы әрлендіріп тұрған гүлзар сүріліп тасталды. Ешкім қоғамдық тыңдау өткізген жоқ. Саябақ басшылығы өтінішімізді елемеді. Гүлзардың орнына түйе мен тышқан секілді жануарлардың мүсіні пайда болды. Бұл мүсіндер зообақ территориясына ауыстырылуын сұраймыз. Орнына гүлзарымыз қайтарылсын», - деді әлеуметтік желіде белсенділер.

Тұрғындардың өтінішіне қалалық Жасыл экономика басқармасы жауап берді.

«2018 жылы «Алтын Тараз» ЖШС Алматы қалалық Орталық саябағын абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Аллея орталығында «Тәңірі күнтізбесі» және «Алматы мыңжылдық қала монетасы» мүсіндері пайда болды. Сонымен қатар, футбол, волейбол, баскетбол алаңдары, скайтпарк, роллердром, Work Out аймағы жасалды. Бұл алаңдар көпшілікке қолжетімді. Кез келген адам спортпен айналыса алады. 2019 жылы инвестор балалар қалашығы жақты абаттандыруды бастады. Ол жақта субұрқақ қалпына келтіріліп, кеспетастар орнатылады. Музыкалық аспаптар музыкалық бақта орналастырылатын болады. Бұл жұмыстар 2020 жылдың көктемінде аяқталады. Аталған инвестор міндетті түрде паркті көгалдандырып, көпжылдық, біржылдық гүлдерді отырғызатын болады», - деді басқармадан.


Фото: www.facebook.com /Защитим Алма-Ату/Алматы


Соңғы жаңалықтар