Алматылықтар бақша құралын «бомбамен» шатастырып дүрлікті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бақша құралын «авиация бомбасымен» шатастырған алматылықтар полицияны дүрліктірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№36 үйдің тұрғындары үйдің маңынан әскери жарылғыш затқа ұқсайтын зат тауып алған.

Полиция тұрғындардың хабарынан соң Түрікмен көшесін қоршауға алды.

«Тұрғындар хабарласып, жарылғыш зат туралы айтты. Оқиға орнына шүғыл әрекет ету қызметі өкілдері мен саперлер шықты. Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат емес, бау-бақшаға арналған құрал екені анықталды. Полиция тұрғындарға қырағылығы үшін алғыс білдіреді», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар