Алматылықтар ауыз су тапшылығына шағымданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алты ай ауыз сусыз отырған Наурызбай ауданының тұрғындары әкімдіктен көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Наурызбай ауданына қарасты «Ақжар» ықшамауданындағы Бекешев көшесінің батыс жағында тұратын тұрғындар әкімшіліктен ауыз су сұрап, жалынудан шаршадық. Біздің сусыз отырғанымызға алты ай болды», - деп жазды тұрғын Facebook желісінде.

Наурызбай ауданының әкімдігі су құбырларының өткізу қабілеті төмен болуына байланысты сумен қамтамасыз етуде проблемалар бар деп жауап берді.

«Қолданыстағы сумен жабдықтау жүйесінің өткізу қабілеттілігі ауданды үздіксіз сапалы сумен толық қамтамасыз ете алмайды. Сумен жабдықтау желілерінде тексеру жұмыстары жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша одан әрі шаралар қабылданады. Апаттық қызмет мамандары магистралды сумен жабдықтау желілерін реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай -ақ, жоғарыда аталған мекенжайға су мекемесінің апаттық бригада жұмысшылары жіберіледі. Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Тұрғындар өтініш беру үшін +7 (747) 795-95-96 нөміріне хабарласа алады»,-деп хабарлады аудан әкімдігінен.

Соңғы жаңалықтар