Алматылықтар ауыр атлетиканы өте жақсы көретініне куә болдық, билеттердің бірі қалмай сатылып кетті - А.Мұхамедиұлы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін басталған Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты қала тұрғындарының тарапынан үлкен қызығушылық туғызып отыр. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

Дүбірлі доданың басты ерекшелігі Рио-де-Жанейрода екі жылдан соң өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама тартысқа түседі.

«Аталған чемпионатты өткізу тек қана Алматы үшін ғана емес, Қазақстан үшін өте маңызды болып отыр. Алматы халқы ауыр атлетиканы өте жақсы көретініне куә болдық. Өйткені, билеттердің бірі қалмай сатылып кетті. Біз халықаралық спорт сайыстарын жылда өткіземіз. Басты мақсатымыз - халықты спортпен айналысуға шақыру. Мемлекет басшысы халқымыздың білімді ұлт болу үшін дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың көп болуын атап өткен болатын. Мен, Қазақстанның спорт бойынша әлемнің азуы алты қарыс державалары АҚШ, Жапония, Қытаймен қатар тұра алады деген ойдамын», - деді министр.

Оның айтуынша, аталған спорттық шаралардың бір реттік емес, жалпы бұқаралық сипат алуына басты басымдық беру керек.

«Бүгін әлем рекордтарының жаңаратынына кәміл сенемін», - деді А.Мұхамедиұлы.

Соңғы жаңалықтар