+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматылықтар аутизмге шалдыққандарға қолдау білдірді

2018 жылғы 2 сәуір 15:40
Бөлісіңіз:
Алматылықтар аутизмге шалдыққандарға қолдау білдірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда аутизмі бар балалардың мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Милосердие» қайырымдылық қоғамының «Аутизмді жеңеміз» орталығы «Ашық әлем» қорымен біріге отырып, ерекше балаларға ерекше мереке ұйымдастырды.

Балалар театр сабағына, спорттық шараларға қатысып, ойын флешмобын ұйымдастырды.

Мамандардың айтуынша, аутизммен ауыратын балалардың қоғамға бейімделуі ортасына тікелей байланысты.

«Ашық әлем», қоры келтірген мәлімет бойынша 2017 жылы 3820 адамда, оның ішінде Алматыда - 799 адамда аутизм белгілері анықталған.

«Синдромды ерте анықтау, ата-ананың қолдауы, оқыту өте маңызды. Біздің санамызға төңкеріс керек. Сонда ғана балаларымыз қоғамға тез бейімделетін болады», - деді ата-аналар.



2008 жылдан бері 2 наурызда БҰҰ аутизм ауруына шалдыққандардың күнін атап өтеді.

Әлемде 67 млн аса адам аутизм дертіне шалдыққан.

Әлемдегі Autism Speaks ұйымының белгісі көк түсті пазл бөлшегі болып табылады.
2010 жылдан бастап «көк түсті жақ» маркетинг акциясы бастау алды. Бүгін де Қазақстанның әр жерінде аутизммен ауыратындарды қолдау акциясы жүріп жатыр.



Павлодарда арнайы ұйымдар аспанға көк шар жіберді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT