Алматылықтар ауланы абаттандыру, спорт алаңын жасауда өз жобаларын іске асыра алады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды «Бюджетке қатысу» жобасына белсенді атсалысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті алматылықтар, өзім бұрын айтқанымдай, біз «Бюджетке қатысу» жобасын бастаймыз. Аулаларды абаттандыру, саябақтар мен скверлер, спорт алаңдарын жасау жөнінде өздеріңіздің идеяларыңызды, жеке жобаларыңызды ұсыныңыздар», - деп жазды қала әкімі instagram-ғы парақшасында.

Жоба бойынша қаланың 8 ауданының әрқайсысына бюджеттен 500 млн теңгеге дейін бөлінеді. Өз ұсыныстарыңызды 19 тамыздан бастап Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауының порталы арқылы жіберулеріңізге болады.

«Сіздердің барлық ұсыныстарыңыз ашық түрде жарияланады, қала тұрғындары үздік жобаға дауыс бере алады. Критерийлер, ұсыныстарды жолдау мен жобаларды іріктеу жөніндегі толық ақпарат @OpenAlmaty қалалық порталында жарияланған. Сіздер белсенділік танытады деген сенімдемін»,- деп қосты Бақытжан Сағынтаев

Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев Алматыда «Jasyl Almaty» жобасы бойынша мегаполисте миллион түп ағаш отырғызылатыны туралы айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар