Алматылықтар аулада және саяжайға барғанда қандай ережелерді ұстануы тиіс

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы бойынша карантин кезінде ойын алаңдарына, бау-бақшаға бару шарттары регламенттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатқа сәйкес, халыққа ойын алаңдары мен аулаға сағат 5:00-ден 21:00-ге дейін шығуға рұқсат етілген. Балалардың ойын алаңдары мен аула аумағына залалсыздандыру жұмыстарын ПИК жүргізеді. Барлық қолжетімді жерлерде, ең алдымен хабарландыру тақталарында карантин тәртібін сақтау шеңберінде талап етілетін жеке және заңды тұлғаларға арналған ескертулер орнатылады.

Алматы қаласының тұрғындары ойын алаңы мен аулаға шығып, бау-бақша, саяжайға барған кезде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс. Отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан астам адамның жиналуына тыйым салынып, басқа тұрғындармен физикалық қатынасты азайтуға, өзімен бірге жеке қорғану құралдарын алып жүруге және кию ережелерін сақтауға міндеттеледі.

Ал бұл талаптардың орындалуын құқық қорғау органдарының қызметкерлері бақылайды.

Айта кету керек, кеше Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТЖ режімін ұзарту туралы мәлімдемесінен соң жаңа талаптарды жариялаған болатын.


Соңғы жаңалықтар