Алматылықтар ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар Наурызбай көшесіндегі саябақта орналасқан ашаршылық құрбандарына арналған екерткішке гүл шоқтарын қойды. Митингке Алматы әкімі Бауыржан Байбек, белгілі тарихшылар, ғалымдар, қала тұрғындары мен жастар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаза болған азаматтардың рухына тәу етуді парыз санаған азаматтардың бірі - Мансұр Молдақұлов.

Ол кісі атасы мен әжесін ешқашан көрмей өскен.

nullҚызылорда облысының тумасы Молдағұл Сарман қылышынан қан тамған репрессия жылдары Түркияда білім алып жатқан.

nullМансұр Молдағұловтың айтуынша, ол кісі Құранды жақсы білген, діни білімі өте жоғары, сауатты көзі ашық азамат болған.

«Менің атамды 1938 жылдары Түркияның шпионы деп жала жауып, қудалай бастады. Сол кезде атам мен әжем Өзбекстанға қашып жан сауғалады. Алайда әкемнің ағасы 9 жылға айдалып кетті. Мен өз атам мен әжемді көрмедім. Менің әкем де, мен де Ташкентте тудық. Атам мен әжемнің сүйегі Ташкентте жатыр. Сол кезде білуімше, 1 миллионнан аса қазақ басқа елдерге босып кеткен. 1990 жылдары Қазақстанға келдім. Содан кейін, 1995 жылға таман әкемнің туысқандарын көшіріп алдым», - деді Мансұр Молдағұлов.

nullЕр адам туған тарихты ұмытпау - патриоттық тәрбиенің бір көрінісі деп санайды.

«Бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз біз үшін бақыт. Туған жеріміз бар, әнұранымыз бар, өз туымыз бар. Жейтін асымыз бар. Осыған мың шүкір. Бірақ, тарихты келер ұрпақ білуі керек. Сол үшін осы ескерткішке келіп, көз жұмғандардың рухына тағзым еттім», - деді М.Молдағұлов.

Алматыдағы ашаршылық құрбандарына арналған  ескерткіш 2017 жылы 31 мамырда салтанатты түрде ашылған болатын.

Айта кету керек, бүгін, 31 мамырда қазақстандықтар ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.

Бұл атаулы дата 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілді.

 

Соңғы жаңалықтар