Алматылықтар арзан азық-түлік сатып алуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің 230 мың тоннаға жуық азық-түлік өнімдері саудаға шығарылды.

"Астана" алаңында өтіп жатқан жәрмеңкеге «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен Алматы қаласының 40 сауда және азық-түлік кәсіпорны қатысты. Жәрмеңкедегі тауардың сапасы мен бағасын қала басшысы Ахметжан Есімов пен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев аралап көрді. Қалалық әкімдіктің таратқан ақпаратына сәйкес, тұтынушыларға жалпы сомасы 70 млн теңге болатын 50-ден астам тауар түрлері - ет, сүт, жеміс, көкөніс, шұжық, жарма, ұн, май өнімдері базар бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен ұсынылуда. Қала басшысы Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің өніміне алматылықтар тарапынан сұраныс жоғары екендігін атап өтті. "Алматылықтарды бағасы қолжетімді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету маңызды мәселе. Осындай жәрмеңкелер қаланың сауда орындарындағы бағаны тұрақтандырып, адал бәсекені тудырады",- деді қала әкімі. Айта кетейік, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі азық-түлік нарығындағы бағаны тұрақтандыру үшін соңғы 6 жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Дәл қазір алаң маңындағы жол қозғалысы шектелген. Алаңға жақын маңдағы Казыбек би - Бөгенбай батыр, Абылай хан, Фурманов көшелеріне Фурманов көшесінің бойымен - №2, 63, 73, 79, 86, 105, 118, 127 автобустары; 159 қозғалыс бірлігі, Абылай хан даңғылымен №98, 99 және №5, 6 троллейбустары; 69 қозғалыс бірлігі қатынайды.

Соңғы жаңалықтар